ШЖҚ «Қалалық перзентхана» МКК

 

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Денсаулық сақтау басқармасының

 

ГКП на ПХВ «Городской родильный дом»

 

Управления Здравоохранения акимата 
Западно-Казахстанской области

Байланыстар

090005, Қазақстан Республикасы,
БҚО, Орал қ. ,
Алматинская көш. 60.
Тел.: 8 (7112) 28-43-14
e-mail: rod2@mail.ru

Статистика

236427
Пользователей сегодня:Пользователей сегодня:123
Пользователей за месяц:Пользователей за месяц:2935
Пользователей всего:Пользователей всего:236427

Ерен еңбекпен еленген еңселі ұжым

Ана мен бала денсаулығын қорғау – еліміздің басты бағыттарының бірі екені айқын.  Осы мақсатта Елбасы өзінің кезекті халыққа Жолдауында отбасы құндылығын арттырып, ана мен бала саулығынына баса назар аударуды тапсырғаны мәлім. Сол тапсырмаларды жүзеге асырып, өңіріміздегі жас жеткіншектер мен жас аналарға қолдау көрсетуде Орал қалалық перзентхананың қосып келе жатқан үлесі зор.

 

40 жылдық тарихы бар қалалық перзентхана өңіріміздегі ана мен бала саулығы үшін аянбай еңбек етіп келеді. Әр жыл сайын орта есесппен 4500-4800 нәрестенің дүниеге есігін ашуы Қалалық перзентхананың еншісінде.

 

Қалалық перзентханада барлығы 19 дәрігер мен 80 орта медицина қызметкерлері еңбек етеді. Дәрігерлердің 85%-ы  және орта буын  медицина қызметкерлерінің  80%-ы біліктілігі бар мамандар. Оның 30%-ы жас мамандардан құралған. Мекемеде жұмыс жасап жатқан қызметкерлердің білімі үнемі жетілдіріліп отырады, жаңа технологияларды меңгеру үшін институттарға, ғылыми орталықтарға барып білімдерін тереңдетіп келеді.

 

Бүгінгі күні қалалық перзентханада 6 бөлімше жұмыс жасайды. Олардың әрқайсысы осы уақытқа дейін өз міндеттерін мүдірместен атқаруда. Мәселен, перзентханадағы нәрестелердің жан сақтау бөлімі жағдайлары ауыр болып түскен нәрестелерге алғашқы көмек көрсетіп, жағдайының жақсаруына барынша қамқорлық жасайды. Мұндағы мамандар жоғары және бірінші санатты білікті дәрігерлер және бөлім өз деңгейінде  көмек көрсете алатын жаңа туған нәрестелерге арналған жоғары технологиялармен жабдықталған.

 

Ана денсаулығын жақсартуда аянбай еңбек етіп келе жатқан реанимация бөлімінде ауыр халдегі босанушы және босанған әйелдер жатып ем алады. Негізінде преэклампсияның ауыр түрі, эклампсия, қан кету, кесар тілігі операциясынан кейінгі кезеңдегі аурулар осы бөлімге келіп түседі. Жылдан жылға аналар арасында жүктіліктің асқынуы көбейгендіктен, соңғы уақытта бөлімге түсуші әйелдер де артқан. Осыған байланысты бөлім ауыр халдегі науқас әйелдерге қажетті дәрі-дәрмектермен және қажетті аппараттармен, бір реттік медициналық құрал-жабдықтармен қаматамасыз етілген.

 

Сонымен қатар, ана мен баланың бірге болуы қамтамасыз етілген. Нәрестені үнемі қалауы бойынша ана сүтімен емізу ананы келесі жүктіліктен сақтайды және босанудан кейінгі қан кетуді азайтады және үйге ерте шығуға мүмкіндік береді.

 

2010 жылдын бастап ана мен бала денсаулығын қорғауда тиімді технологиялар енгізілген. Мәселен, «қауіпсіз ана болу» бағдарламасы бойынша жүктілік пен босануды жүргізудің тиімді тәсілдері, қан кетумен күресу үшін, жылу тізбегін қамтамасыз ету мақсатында салмағы аз және шала туылған нәрестелерді күтудің тиімді әдістері қолданылады.

 

Қалалық перзентхананың көрсеткіштері бойынша соңғы үш жылда перзентханада ана өлімі тіркелмеген. Және де перинаталды, ерте неонаталды өлім төмендеген. Осыған байланысты да шығар, 2013 жылдың 25-26 қарашасы күндері Астана қаласында «Менеджмент саласында денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін арттыру» тақырыбында оздырылған III халықаралық конференциясында 2013 жылдың 6 айының көрсеткіші негізінде «Мемлекеттік медициналық ұйымдардағы менеджмент деңгейі» рейтінгі бойынша I орынға ие болды.

 

© Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық перзентхана»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны